Хатибзаде: Иранның Ауғанстанмен шекаралары тыныштық пен қауіпсіздікте
(last modified Sat, 10 Jul 2021 10:50:11 GMT )
Шіл 10, 2021 16:50 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иранның Ауғанстанмен шекаралары тыныштық пен қауіпсіздікте

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Елдің Ауғанстанмен шекарасында ешқандай қауіп жоқ»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Саид Хатибзаде шекарадағы соңғы өзгерістерден кейінгі Иранның Ауғанстан шекарасындағы жағдайы туралы сұраққа: «ИИР-ның шекаралары елдің жігерлі шекарашыларының арқасында тыныштық пен қауіпсіздікте және біздің елдің Ауғанстанмен шекараларында ешқандай қауіп жоқ. Ауғанстан ішіндегі Ислам Қала мен Әбу Наср Фарахи кедендік кеңселерінде болған қақтығыстарға байланысты бірқатар ауғандық қызметкерлер Иранға кірді»,- деп мәлімдеді.