Шіл 10, 2021 19:50 Asia/Almaty
  • Иран және Еуразия: еркін сауданың мүмкіндіктері

Ирандағы алғашқы Еуразия мамандырылған көрмесі жұма күні Теһран халықаралық көрме орталығында басталды.

Бұл мамандандырылған көрмені өткізу  Иранның және Еуразиялық Одаққа мүше елдердің экспорттық әлеуеті туралы көбірек білуге ​​және осы ірі экономикалық одақпен еркін сауда келіссөздерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Иран мен Еуразия экономикалық одағы екіжақты қатынастарды, әсіресе санкциялар жағдайында кеңейтуге жақсы әлеуетке ие. Осы елдердің әрқайсысының экономикалық  түрлілігін, халқы мен экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Иранның бұл елдерге экспортының көлемі шамамен бір миллиард долларға бағаланады. Қарым-қатынастардың бұл деңгейі экономикалық субъектілер үшін Иранның сауда, өндіріс, техникалық және инженерлік, ауылшаруашылық және климаттық мүмкіндіктеріне қатысты нарықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді, бірақ бұл мүмкіндіктер толық пайдаланылмаған. 3 жыл бұрын Иран мен Еуразия арасындағы еркін сауда туралы 862 тауар тіркелген тізім жасалған уақытша келісімге қол қойылып, 2019 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылды. Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев Иранмен ынтымақтастық Еуразияның жұмыс бағдарламаларында басымдыққа ие екенін айтты.

ИИР мен 185 миллион халқы бар Еуразия экономикалық одақ арасындағы сауда қатынастарын дамыту болашақта Иран экономикасы үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады? Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда ынтымақтастығының тарифтерді төмендету арқылы жаңа сауда кеңістігін ашуға тікелей әсер етуі, осы одақтағы бар мүмкіндіктерді пайдалану және ұзақ мерзімді перспективада Иран мен Одақ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық үшін платформалар ұсыну. Иранның Еуразиялық одаққа кірудегі мақсаттарының көпқырлы сипаты - Еуразияда, әсіресе Ресейде үлкен нарыққа қол жеткізу. Бұл мәселе екі тарап үшін де стратегиялық маңызды. Ресей Президенті Владимир Путин айтқандай, «Мәскеу Иранның Еуразиялық экономикалық одаққа кіргенін қалайды».

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі стратегиясы мақұлданды және бұл одақ осы стратегияны іс жүзінде жүзеге асыруға талпынуда. Иран сауда, инвестиция және қызмет қатынастарын жеңілдету үшін  тарифтік емес құралдарды қолданбақ.

 

Тегтер