Зариф Словения Премьер-министрінің қолайсыз әрекетін айыптады
(last modified Mon, 12 Jul 2021 11:54:17 GMT )
Шіл 12, 2021 17:54 Asia/Almaty
  • Зариф Словения Премьер-министрінің қолайсыз әрекетін айыптады

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозепп Борельмен телефон арқылы сөйлескен кезде Мұнафеқин лаңкестік тобының виртуалды жиналысындағы Словения Премьер-министрінің қолайсыз әрекетін айыптады.

IRNA-ның мәліметінше, Словения Премьер-министрінің сенбі күні Мұнафеқин террористік тобының виртуалды жиынына қатысуы мен асыра сілтеулерінен кейін, Словенияның қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа төрағалық етіп отырғанын ескере отырып, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  жексенбі кешке Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілімен телефон арқылы сөйлесіп, Словения Премьер-министрінің қабылдауға болмайтын әрекетін айыптап, Еуропалық Одақтың бұл мәселеге қатысты ұстанымын анықтауды сұрады. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі өкіншін білдіріп, Словения Премьер-министрінің сөздерінің Еуроодақтың ИИР арасындағы қатынастарға қатысты ұстанымы емес екенін қуаттады.