Зариф: Иран әрқашан Босния мен Герцеговинаның езгі көрген халқының жанында болды
(last modified Mon, 12 Jul 2021 13:03:44 GMT )
Шіл 12, 2021 19:03 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран әрқашан Босния мен Герцеговинаның езгі көрген халқының жанында болды

Иранның арнайы өкілімен Сребреница геноцидінің 26 жылдығын еске алу рәсімінде оқылған Иран Сыртқы істер министрінің жолдауында: «ИИР Босния мен Герцеговиния тәуелсіздік алғаннан бері бұл елдердің езгі көрген халқының жанында болғанын мақтан тұтады»,- деп айтылды.

IRNA-ның мәліметінше жексенбі күні әртүрлі елдердің өкілдерінің қатысуымен өткен Сребреница құрбандарын еске алу рәсімінде Ибрахим Тахерианмен оқылған  Мұхаммад Джавад Зарифтің жолдауында: «ИИР Босния мен Герцеговиния тәуелсіздік алғаннан бері бұл елдердің езгі көрген халқының жанында болғанын және бұл жолда ешбір көмектен аянбағанын мақтан тұтады. Сондай-ақ өзін Босния мен Герцеговинадағы барлық этностардың тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және тату қатар өмір сүруін қолдауға міндетті деп біледі.  Бұрынғы Югославия әскери қылмыстар трибуналының (ICTY) және Халықаралық қылмыстық соттың (IRMCT) шешімдері сот ісін жүргізудің әділеттілігі үшін маңызды қадамдар болғанымен, Сребреница адамзаттың ар-ұжданында жарақат болып қала береді. Құрбандардың жақындарының көбі, Сребреница аналары мен босқындары одан зардап шегуде»,- деп мәлімдеді.