Иран армиясының бас қолбасшысы: Елдің шығыс шекараларының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген
https://itolqyn.com/news/iran-i53960-Иран_армиясының_бас_қолбасшысы_Елдің_шығыс_шекараларының_қауіпсіздігі_толық_қамтамасыз_етілген
Иран армиясының бас қолбасшысы: «Шығыс шекараларда ешқандай алаңдаушылық жоқ. Қарулы күштер ірі қоқан-лоққыларға төтеп беруге әрдайым дайын»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 15, 2021 17:03 Asia/Almaty
  • Иран армиясының бас қолбасшысы: Елдің шығыс шекараларының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген

Иран армиясының бас қолбасшысы: «Шығыс шекараларда ешқандай алаңдаушылық жоқ. Қарулы күштер ірі қоқан-лоққыларға төтеп беруге әрдайым дайын»,-деп қуаттады.

Генерал-майор Мусави елдің шығыс шекараларын аралап: «Ауғанстан халқымен түп тамырымыз бір болғандықтан, бұл елде қауіпсіздік, тыныштық пен жақсы әл-ауқаттың болуын қалаймыз. Ауған бауырлар мен қарындастардың жағдайына алаңдаймыз»,-деді.

Иран армиясының бас қолбасшысы: «Елдің Қарулы күштері ірі қоқан-лоққыларға төтеп беруге дайындалып алғанына жылдар болды. Егер бір мәселе туындаса, оны жылдам әрі кесімді түрде шешеді»,-деді.

Иран армиясының бас қолбасшысы шығыс шекараларды бақылау орталықтары, ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі, әскери-электронды кешендерді аралады.