Рухани: 11- ші үкімет экономиканы жекеменшік бөлімге тапсырады
(last modified Tue, 09 Feb 2016 16:58:19 GMT )
Ақп 09, 2016 22:58 Asia/Almaty
  • Рухани: 11- ші үкімет экономиканы жекеменшік бөлімге тапсырады

ИИР президенті 11- ші үкімет елде салауаттылық орнатып, экономиканы өркендетіп, дамыту мақсатында экономиканы жекеменшік бөлімге тапсырып, жекеменшік секторды қолдайды деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні облыстық сапарларда бекітілген 138 жобаны бір мезгілде пайдалануға беруге арналып өткен шарада сөйлеген сөзінде облыстық сапарларда бекітілген шешімдердің 51 пайыздан астамының орындалғанын айтты.

ИИР президенті ядролық келісім мен оның Иран Ислам Республикасына әкелген жетістіктеріне тоқталып: «Иран тарихында тұңғыш рет алпауыт елдермен халықаралық келісім жасалып отыр. Жетістікке қатысты әлемде ешбір ел осы уақытқа дейін Иран осы мәселеде зиян шекті деп айта алған жоқ және келешекте де айта алмайды» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын халықаралық жетістік әрі оны баршаға пайдалы деп бағалап: «Иранның әлеммен байланысы «ұтыс- ұтыс» қағидасы бойынша болады. «Ұтыс- ұтыс» негізінде жасалған келісімшарт баянды болады. Келісім қисынды, әділ және нысап пен халықтың құқығын қорғау негізінде болуы керек» деді.