Шіл 23, 2021 17:36 Asia/Almaty
  • Джаск терминалынан мұнай экспорттау Иран мұнайына салынған санкцияны жеңіліске ұшыратады

Экономикалық соғысты бастан өткеріп жатқан Иранның мұнай өнеркәсібі тарихындағы ең жылдам орындалған стратегиялық маңызы зор мега жоба Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау құбыры іске қосылды.

Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау құбыры – толығымен ирандық жоба. Оны Иранда «Мәтн» және «Парс мұнай-газ» атты екі компания орындап шықты. Олар осы ірі ұлттық жобаның құрлық пен теңіздегі бөліктеріне қатысты істерді атқарды. Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау жобасына қажетті барлық құрал-жабдықтар, соның ішінде ірі құбырлар, түрлі сорғылар ирандық компаниялар тарапынан жасалған.

Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау стратегиялық жобасының жалпы орындалуы шамамен 85 пайызға жетті. Осы күнге дейін бұл жобаға 1 млрд 200 млн-нан аса доллар жұмсалды.

Бұл ірі жобаның орындалуы – Иранның мұнай өнеркәсібі тарихында АҚШ-тың санкциялары мен барынша қысымды залалсыздандырудың айқын үлгісі. Осы стратегиялық жобаны жүзеге асырудың мақсаты – Бушер облысындағы Гуре ауданынан күніне 1 млн баррель шикі мұнайды Хормозган облысындағы Джаск ауданына тасымалдап, Ормуз бұғазының көмегінсіз тиісті нарықтарға экспорттау.  

Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау жобасы алғашқы фазада күніне 300 мың баррель мұнай тасымалдауға жобаланған. Ақырында жоба толық орындалғаннан кейін күніне 1 млн баррель мұнай тасымалданатын болады.

Қауіпсіздікті кепілдендіру, мұнай экспортын жалғастыру мақсатында  Иран мұнайын экспорттау бағыттарын әралуандандыру және децентрализациялау – қажетті іс. Бұл іс Иранда Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау жобасының орындалуымен жүзеге асырылды.

«Парс мұнай-газ» компаниясының атқарушы директоры Мұхаммед Мешкинфам бейсенбі күні: «Джаск терминалы Иранның қуат көздері саудасының болашағында маңызды рөл атқарады. Мұнай экспорттау бағыттарын әралуандандыру арқылы Парсы шығанағы өткелінен тыс жердегі мұнай сатып алушыларға жаңа қауіпсіз бағыт қалыптасады»,-деді.

Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау жобасы орындалғаннан кейін Парсы шығанағында қуат көздерін тасымалдайтын басты бағыт ретіндегі Ормуз бұғазынан тысқары жерде Иранның қара алтынының алғашқы партиясы құйылып, Джаскқа жеткізіліп, Оман теңізі арқылы экспортталады.

Бұл шараның әлемге айқын жолдауы бар: Иран мұнайына санкция жүрмейді. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың Иран мұнайы экспортын нөлге жеткізу туралы уәждері бос қиял ғана болып қалды.  

Иран Президенті Хасан Рухани бейсенбі Гуре-Джаск шикі мұнай тасымалдау жобасын ашу рәсімінде: «Парсы шығанағынан тыс Оман теңізінде мұнай экспорттау терминалына ие болу Иран үшін өте маңызды»,-деп қуаттады. 

Тегтер