Шіл 24, 2021 15:25 Asia/Almaty
  • Жапониядан Иранға коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді

Жапонияда өндірілген вакциналардың алғашқы партиясы, 1087570 дозасы жұма күні БҰҰ арқылы Иранның Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды.

IRNA-ның мәліметінше, Жапония Иранға шамамен үш миллион доза жібереді. Бұл COVAX бағдарламасы аясында Токионың әлемнің әртүрлі елдеріне жіберетін 11 миллион доза вакцинаның бір бөлігі. Теһрандағы Жапония елшілігінің мәліметі бойынша, Жапония осы уақытқа дейін халықаралық ұйымдар арқылы ирандық персонал мен ауруханаларға құны 34 миллион доллардан асатын техникалық құрал-жабдықтар жіберді.

 

Тегтер