Иран Парламентінің төрағасы Сирияға сапар шегеді
Шіл 27, 2021 18:51 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы экономикалық әлеуеттерді пайдалану үшін сауда-саттық саласындағы кедергілерді жою мақсатында Сирияға сапар шегеді.
Мұхаммед Бағер Қалибаф осы сапарда Сирияның жоғары лауазымды тұлғалары, саудагерлер және экономикалық белсенділермен кездесіп, сауда-экономикалық мақсаттарды талқылайтын болады.
Бұл сапарда стратегиялық ынтымақтастық, соның ішінде Иран мен Сирия арасындағы экономикалық келісімдер, ирандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге жаңа бағыттар ашу мәселелері айрықша талқыланатын болады.
Тегтер