Жапония Иранға AstraZeneca вакцинасының екінші партиясын жіберді
https://itolqyn.com/news/iran-i54292
Жапония сыйлаған AstraZeneca вакцинасының екінші партиясы бүгін, жұма күні Иранға келді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 30, 2021 17:34 Asia/Almaty
  • Жапония Иранға AstraZeneca вакцинасының екінші партиясын жіберді

Жапония сыйлаған AstraZeneca вакцинасының екінші партиясы бүгін, жұма күні Иранға келді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл партияда 1 млн-нан аса доза бар. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің үйлестіруімен бұл партия имам Хомейни (р.) әуежайына жеткізіліп, ведомствоның өкілдеріне табысталды.

Жапония үкіметі мен халқы сыйлаған вакцинаның алғашқы партиясы өткен жұма күні Иранға жеткізілді. Онда да Astra-Zeneca вакцинасының 1 млн дозасы бар еді.