Рухани: Ұлттың бірлігін сақтау үшін көптеген қиыншылықты бастан кешірдік
Там 01, 2021 19:03 Asia/Almaty
ИИР Президенті: «Ұлттың бірлігін сақтау үшін көптеген қиыншылықты бастан кешірдік»,-деді.
Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бүгін, жексенбі күні он екінші үкіметтің соңғы жиналысында: «Өткен жылдарда халыққа жариялаған мәліметтер шындыққа қайшы емес, шындықтың нақ өзі»,-деді.
Рухани: «Әрине шындықтың бір бөлігін халыққа айтқан жоқпыз. Менің ойымша оларды айтуға болмайды. Оларды пайдалы деп білмедім. Бәріміз ұмтылуға тиісті биік мақсат – ұлттық бірлік. Осы қымбат дүниеге зиян тиеді деп қорықтым»,-деді.
Рухани: «Саясатта жеңіске жету үшін ғана келіссөз жүргізген жоқпыз. Саясатта жеңіске жетіп, оның әсерін экономикада көрдік»,-деді.
Тегтер