Ислам революциясының жетекшісі жаңа президентті растау рәсімінде: Сыбайлас жемқорлық және жемқорлармен қатаң күресіңіздер
(last modified Tue, 03 Aug 2021 14:22:10 GMT )
Там 03, 2021 20:22 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі жаңа президентті растау рәсімінде: «Ұлттық бірліктің символы болыңыздар. Халықпен шынайы сөйлесіңіздер. Сыбайлас жемқорлық және жемқорлармен қатаң күресіңіздер»,-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің  хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні сейіт Ибраһим Раисидің президенттік үкімін растау рәсімінде халықтың президенттік сайлауға жаппай қатысуын мағынаға толы діни демократия символы деп атады.  

Аятолла Хаменеи растау рәсімін өткізудің конституция негізінде имам Хомейнидің (р.) бұйрығымен басталғанын айтып: «Бұл рәсім атқарушы биліктің, шын мәнінде ел басқарудың рационалды, тыныш әрі жайлы ауысуына қатысты өте маңызды нышан болды»,-деді.  

Аятолла Хаменеи сайлаудың қауіпсіздік толық сақталған жағдайда сәтті өткенін айтып: «Ұзақ жылдар бұрын сайлауға бойкот жариялау қастандығы дұшпандардың саяси ортасында жобаланып, жүзеге асырылатын. Ел ішінде де бірқатар адам білместіктен, басқа бір тобы әдейі осы бағытты ұстанып келген. Бірақ халық кесімді жауап берді. Жағдайды ескере отырып, халық сайлауға жақсы қатысты»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі атқарушы органда биліктің ауысуын үміт сыйлайтын әрекет деп атап: «Тың бастамалар мен мықты ерік-жігерге ие жаңа адамдардың келуі бәрі үшін, әсіресе жастарға үміт сыйлайды. Бұл үмітті аса бағалы»,-деді.

Аятолла Хаменеи халықтың түрлі мәселелерге араласуын оларды шешудің басты кілті деп атап: «Революциялық құндылықтарды сақтауға талпыну  халықтың түрлі сахналарға атсалысу стимулын арттыруға себеп болады. Осы теңдессіз қатысу түйткілдерді шешуге көмектеседі»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Раисидің сайлауалды науқанындағы «Халықтық сипатқа ие болу, халықты тыңдау, халық арасында болу» деген ұрандарына тоқталып: «Халықтық сипатқа ие болу – өте маңызды тақырып. Президент пен оның әріптестестері бұл ұранды шынайы өмірде орындауға тырысуы керек. Шын мәнінде топтық артықшылықтарды назарға алмастан бүкіл халық арасында болулары керек»,-деді.

Аятолла Хаменеи халықтық сипатқа ие болудың тағы бір қырын сыбайлас жемқорлық және жемқорлармен күресу деп атап: «Раиси бұрынғы қызметінде жемқорлықпен күресті бастап, жақсы шаралар атқарды, бірақ жемқорлықтың басты жері атқарушы билікте. Сонымен қатаң түрде күресу керек»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Бұл күндері елдегі қиыншылықтар мен тапшылықтар жайлы көп айтылып жатыр. Бірақ елдің су, мұнай, кен, ішкі-сыртқы нарықтар саласындағы әлеуеті және жастардың таланты мен ішкі дайындығы қиындықтардан жоғары және айрықша ауқымды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі ел ішінде ақпарат және үгіт-насихат саласында әлсіздік пен салғырттық барына тоқталып: «Бұл мәселеде мықтырақ әрі саналырақ әрекет ету керек»,-деді.