Имам Хаменеи Армения Премьер-министрімен кездесуінде: Хазірет Иса Мәсіхке (ғ.) құрметсіздік көрсетуді айыптаймыз
(last modified Tue, 30 Jul 2024 11:51:46 GMT )
Шіл 30, 2024 17:51 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи Армения Премьер-министрімен кездесуінде: Хазірет Иса Мәсіхке (ғ.) құрметсіздік көрсетуді айыптаймыз

Имам Хаменеи сейсенбі күні таңертең Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінде ИИР-дың тұрақты да кесімді саясаты көршілес елдермен, әсіресе Армениямен қарым-қатынасты кеңейту екенін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Армения Премьер-министрімен кездесуінде: "Біз Армениямен қарым-қатынасты дамытуды көздеп отырмыз. Екі ел әріптестігі басқалардың саясаттарын назарға алмастан, алдын ала белгіленген мүдделер негізінде бар күш-қуатымен жалғасатын болады",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеи осы кездесуде Армения Премьер-министріне ИИР Президенті Масуд Пезешкианның инаугурация рәсіміне және шәһид Раисиді еске алу рәсіміне қатысқаны үшін алғыс айтып, Арменияның аумақтық тұтастығын сақтау керегін баса айтып: "ИИР Зангзор жолын Арменияға тиімсіз деп санайды және осы позициясынан таймайды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бөгделердің көршілес елдердің өзара қарым-қатынасына шектеу қоймауы керегін айтып: "Елдердің мүддесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нәрсе – тек өзіне және жақындарына иек арту. Алыстан келіп, аймақ елдерінің ішкі ісіне араласатын кейбіреулердің әрекеттері олардың өздеріне зиян келтіреді",-деді.

Имам Хаменеи сондай-ақ Иран халқының армяндармен жақсы қарым-қатынаста екенін айтып: "Ирандағы армяндар таңылған соғыс кезінде көп рөл атқарды. Мен өзім көптеген армянның үйіне бардым",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі Хазірет Иса Мәсіхке (ғ.) құрмет көрсетуді мұсылмандар үшін кесімді ұстаным екенін айтып: "Илаһи діндердің пайғамбарлары, соның ішінде хазірет Иса Мәсіхке (ғ.) құрметсіздікті айыптаймыз",-деді.

ИИР Вице-Президенті Мұхаммедреза Ареф те қатысқан осы кездесуде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян екі елдің даму үстіндегі қарым-қатынасына ризалық білдіріп, Иран Президенті Масуд Пезешкианмен сұхбатты сындарлы әрі позитивті деп атап: "Армяндар өз территориясында ешбір трансаймақтық жолды қабылдамайтынын сан рет жариялады",-деді.

Пашинян Иран мен Армения қарым-қатынасын стратегиялық сипатта деп атап, екі ел байланысының кеңейіп, әралуандана түскеніне ризалық білдіріп, осы үдерісті жалғастыру маңызды екенін айтты.