Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімі өтті
(last modified Thu, 05 Aug 2021 14:58:02 GMT )
Там 05, 2021 20:58 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімі  өтті

Он үшінші үкіметтің басшысы сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімі Иран сот органының басшысы, мемлекеттік және әскери тұлғалар мен шетелдік қонақтардың қатысуымен Ислам Кеңесі Мәжілісінде өтті.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран конституциясының 121 бабына сәйкес жаңа президенттің инаугурация рәсімі  Мәжіліс ғимаратында өтеді, жаңа президент ашық жиналыста депутаттар, Эксперттер кеңесінің мүшелері және сот органының басшысы алдында ант береді.  

Рәсімде алдымен Иранның әнұраны шырқалды, артынан Құран аяттары оқылды. Содан соң заң шығарушы органның басшысы Мұхаммед Бақер Қалибаф алғысөз айтты.

Жаңа президент ант бергеннен кейін сот органының басшысы мен Эксперттер кеңесінің мүшелері алдында оның мәтініне қол қойды. Ант мәтіні Эксперттер кеңесінің хатшысы аятолла Ахмед Жәннатиге табысталды.

Президент инаугурация рәсімінен кейін жарғы бойынша екі аптаның ішінде Министрлер кабинетін таныстырып, Ислам Кеңесі Мәжілісіне жаңа үкімет бағдарламасын ұсынуы керек. Мәжіліс бір апта бойы министрлікке үміткерлер мен үкімет бағдарламаларын бағалайды.

Жарияланған мәлімет бойынша, әлемнің 73 елінен 115 ресми тұлға инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға келген. Олардың арасында 10 президент, 20 парламент төрағасы, 11 Сыртқы істер министрі, 10 басқа сала министрі, арнайы өкілдер, парламент төрағаларының орынбасарлары және парламенттік делегациялар мен комиссиялардың басшылары болды.