Там 05, 2021 21:47 Asia/Almaty
  • Қалибаф Раисидің инаугурация рәсімінде: Ел басқарудың жаңа кезеңі «тиімділік пен жауапкершілік» кезеңі болуы керек

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімінде: «Ел басқарудың жаңа кезеңі «тиімділік пен жауапкершілік» кезеңі болуы керек»,-деді.

Мұхаммед Бақер Қалибаф бүгін, бейсенбі сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімінде: «Иран бір ғасырдан аса уақыт бойы тәуелсіздік, азаттық пен әділеттік жолында күресіп, үстемдікті теріске шығарып, бәрінен маңыздысы исламның басты құндылықтарын қоғамға енгізу жолында талпыныстарды мұраға алып, күн күнтізбесі бойынша жаңа ғасырға аяқ басты»,-деді.

Қалибаф: «Имам Хомейни (р.) ислам революциясын басқару арқылы осы күрестің басында болып, ислам республикасының негізін қалап, Иран халқына діни демократияны сыйлады. Оның салихалы орынбасары хазірет аятолла Хаменеи осы демократияны бекітіп, дамытты»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Ислам революциясы ислам әлемі мен азаттықты сүюшілер үшін шабыт сыйлайтын үлгіге айналды»,-деді.

Қалибаф: «Жемқорлыққа қарсы сот органының болуының негізі – бір революциялық парламенттің болуы және бір халықтық үкіметтің билік басына келуі. Революциялық рух пен бағыт, джиһадтық басқару мәдениеті, имам Хомейни (р.) мектебінің таза принциптері мен құндылықтарына арқа сүйеп, Иранды қуаттандырып, қоғамды басқаруда діннің тиімділігін дәлелдеу үшін жаңа жоба жасайтын кез келді»,- деді.   

Тегтер