Лариджани: Ядролық келісім Иран экономикасы үшін жақсы кеңістік қалыптастырады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иранның «алтылық» елдерімен жасалған ядролық келісімнің ядро саласындағы ғылымды сақтаумен қоса, санкциялардың алынуына себеп болғанын айтты.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні өнеркәсіп, кен және сауда ұйымының төрағасы мен кәсіподақтар палатасының төрағалар төралқасының мүшелері және Теһранның оңтүстігіндегі Құм облысының кәсіподақтар бірлестігі төрағаларымен кездесуінде: «Өткен жылдарда дұшпандар түрлі салаға, соның ішінде банк және қамсыздандыру саласына жан- жақты санкция салды. Санкциялар қажетті шикізаттардың бірнеше делдал арқылы Иранға кіргізілуіне, содан тауарлардың қымбат болуына себеп болды.
Келіссөздердің есепке негізделіп өтіп, игі жетістіктерге қол жеткізілгеніне назар аудару керек. Атқарылған шаралар негізінде Иран экономикасы үшін қолайлы кеңістік қалыптасып, жұмыс пен кәсіп дәуірлейді. Бірақ жұмыстардың бірлік және ынтымақпен экономиканы күшейтуге ұласуы үшін талпыныс жасау керек» деді.