Сардар Хаджизаде: Дұшпанның кез келген шабуылына кесімді түрде жауап береміз
https://itolqyn.com/news/iran-i54426-Сардар_Хаджизаде_Дұшпанның_кез_келген_шабуылына_кесімді_түрде_жауап_береміз
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Дұшпанның кез келген шабуылына кесімді түрде жауап береміз",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 07, 2021 17:02 Asia/Almaty
  • Сардар Хаджизаде: Дұшпанның кез келген шабуылына кесімді түрде жауап береміз

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Дұшпанның кез келген шабуылына кесімді түрде жауап береміз",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Әмірәли Хаджизаде Иранның сынақтан сәтті өткенін және қайта емтиханнан өтуді қажет етпейтінін айтып: "Дұшпанның кез келген шабуылына кесімді түрде жауап береміз",-деді.  

Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы: "Сионистік режим мен АҚШ Иранды сынап көрді және қандай жауап алатынын біледі",-деді.

Сардар Хаджизаде: "Күш-қуатымыз бар. Қуатымызды қолдануға ерік-жігеріміз де жетерлік. Міндетті түрде қатаң жауап беретін боламыз. Олар мұндай қателік жасамайды",-деп еске алды.

Сионист миллиардер Эяль Оферге тиесілі "Zodiak Maritime" компаниясы 30 шілдеде мәлімдеме жасап: "Израильге тиесілі "Mercer Street" танкері Оман теңізінде ұшқышсыз ұшақтың шабуылына ұшырады",-деп хабарлады.