Иран Ауғанстанда қатыгездіктердің күшеюіне алаңдаушылық білдірді
Там 13, 2021 16:53 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Теһран үкіметінің Ауғанстанда қатыгездіктердің күшеюіне алаңдайтынын айтып, бейбіт халықтың жанын сақтауға көңіл бөлінуін сұрады.
Иран СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде жұма күні Талибан тобының Ауғанстанда Герат қаласын басып алғанына тоқталып: «Дипломаттардың денсаулығы мен дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлу керек»,-деді.
Хатибзаде ИИР СІМ-нің Гераттағы Иранның бас консулдығымен үнемі байланыста екенін және өкілдік қызметкерлерінің амандығын сұрап тұратынын айтты.
Ауғанстанның Герат қаласы сәрсенбі күні Талибан тобының бақылауына өтті.
Тегтер