Коронавирус: Иранның жағдайы
Там 13, 2021 21:42 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте елде 527 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 96742 адамға жетті»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта тағы 39119 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 4707-сі ауруханаға жатқызылды. Індет жұқтырғандар саны 4359385 адамға жетті. Осы күнге дейін 3674529 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,-деді.
Тегтер