Раиси: Иран Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бар күшін салады
(last modified Mon, 16 Aug 2021 11:45:26 GMT )
Там 16, 2021 17:45 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бар күшін салады

ИИР президенті: "Иран Ауғанстанға қазір ең қажет нәрсе – тұрақтылық орнатуға бар күшін салады",-деді.

Раиси Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен сұхбатында тұрақтылық пен тиісті әл-ауқатты Ауғанстан халқының құқығы деп атап: "Иран Ауғанстанға қазір ең қажет нәрсе – тұрақтылық орнатуға бар күшін салады. Көршілер әрі бауырлас ел ретінде барлық топтарды ұлттық келісімге келуге шақырады",-деп қуаттады.

Иран президенті Ауғанстан халқының билігі мен ерік-жігерінің әрдайым қауіпсіздік пен тұрақтылық тудыратындай мықты болғанын айтып: "Иран Ауғанстандағы өзгерістерді жіті бақылап отыр. Осы елмен көршілестік қатынастың берік болуын қалайды",-деді.  

Раиси: "АҚШ әскерилерінің жеңіліс тауып, Ауғанстаннан шығарылуы осы елде өмірді қайта жандандыру, тұрақты қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатуға қолайлы мұрсатқа айналуы тиіс",-деді.