Там 17, 2021 15:57 Asia/Almaty
  • Иранға  30 млн вакцина дозасы әкелінеді

ИИР Президенті кеңсесінің басшысы елге 30 млн вакцина дозасы әкелінетінін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Исмаили сейсенбі күні вакцина импорттау мәселесіне байсалды қарайтынын айтып: «Қыркүйек айының бірінші жартысына дейін тағы 30 млн вакцина дозасын импорттайтын боламыз»,-деді.

Исмаили: «Иран президенті сейіт Ибраһим Раисидің импорттау уақытын қысқарту туралы бұйрығын назарға ала отырып, елге тағы 30 млн вакцина дозасы әкелінеді. Мұнымен қоса, ел ішінде вакцина өндіру желілерін арттырамыз»,-деді.

Тегтер