Коронавирус: Ирандағы жағдай
Там 17, 2021 18:12 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні: "Өткен 24 сағатта 625 адам Covid-19-дан көз жұмды. Жалпы елде құрбандар саны 99108 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бері тағы 50228 адамнан Covid-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 4517243 адамға жетті",-деді.
Осы күнге дейін 3786488 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер