Там 20, 2021 19:54 Asia/Almaty
  • Раиси: Вакцина импортын тездету үшін барлық күш-қуатты пайдалану керек

Иран Президенті вакцина импортын тездету үшін елдің барлық күш-қуатын пайдалану керектігін айтты.

Раиси елдің коронавируспен күрес ұлттық штабының мамандандырылған комитеттері басшыларының жиналысында Қытай Президентімен телефон арқылы сөйлескенін айтып: «Осы сұхбатта Иранды вакцинамен қамтамасыз етуді тездету қажеттігін айттым. Қытай Президенті қытайлық вакцина өндірушілердің Иранмен тиісті әріптестік жасайтынына уәде берді»,-деді.  

Иран Президенті соңғы демалыстардан кейін медициналық протоколдардың сақталу деңгейі туралы есеп берілгеннен кейін халыққа карантиндік ережелерді сақтағаны үшін алғыс айтып: «Халық қолдау көрсетсе, коронавирустың таралуын тезірек тоқтатуға үміт бар»,-деді.

Тегтер