Хазірет имам Саджадтың шәһид болған күніне орай Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті
Там 21, 2021 17:40 Asia/Almaty
Имам Хомейни (р.) кешенінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет имам Әли бен әл-Хұсейннің шәһид болған кешінде аза тұту рәсімі өтті.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы рәсімде ходжат ул-ислам уалмуслемин Али сөз сөйлеп, діндарлықты сақтап, адасудан аман қалу үшін Аллаға құлшылық ету керектігін айтып: «Адамға тіленетін ең жақсы дұға – оның артының қайырын тілеу. Осы мақсатқа жету үшін адам кез келген жағдайда өзінің діни міндетін дұрыс орындауы тиіс. Нәпсіге бой алдырмай, Алла әміріне бас ұруы керек»,-деді.
Сондай-ақ осы рәсімде ходжат ул-ислам уалмуслемин Шахитат имамның көрген қиыншылықтарын баяндап, жоқтау айтты.