Там 22, 2021 17:26 Asia/Almaty
  • Қорғаныс өнеркәсібі – Иран Қарулы күштерінің қорғаныс қуаты мен тежегіш қабілетінің негізі

31 мордад (22 тамыз) Иранда Қорғаныс өнеркәсібі күні деп белгіленген.

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери Қорғаныс өнеркәсібі күніне орай сөйлеген сөзінде: «Елдің қарулы күштері АҚШ, сионистік режим  мен олардың одақтастарының ақпараттық империализмі мен жарнамалық соғысына назар аудармастан, қорғаныс қуатын арттырып, сенімді тежегіш қабілетін нығайтып, елге қарсы қоқан-лоққыларға төтеп беру қабілетін күшейтуді өзінің кесімді әрі әрдайымғы стратегиялық саясаты санайды»,-деп қуаттады.

Дұшпандар, әсіресе АҚШ Иранмен әскери салада тікелей қарсыласпауға тырысса да, қастандықтардан қапы қалмау керек, қоқан-лоққыларды назардан тыс қалдырмау керек. Осы негізде Иран Қарулы күштері тежеу мақсатындағы әскери өндірісті нығайту арқылы өзінің қорғаныс қуатын стратегиялық деңгейге көтерді.

Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап дұшпандар әрдайым түрлі санкциялар салу арқылы Иранның қорғаныс өнеркәсібін әлсіретіп, оның дамуына кедергі жасауға талпынып келеді.  

Мұндай қатынас шын мәнінде ел қауіпсіздігіне қарсы шынайы қатерлердің бірі болды. Қазір Иранның қорғаныс саласындағы жетістіктерінің арқасында бұл қоқан-лоққылар елдің қорғаныс және тежеуіш құдіретін дамыту мұрсатына айналды.

Қорғаныс мәселелері бойынша сарапшы Антуан Кополани «Люпьен» француз журналына жазған мақаласында: «Осы қырағы қозғалыста Иранның зымырандық әлеуеті айтарлықтай артты. Иранның тежегіш қуатының дұшпанның кез келген басқыншылығына қарсы тұра алатыны дәлелденді»,-деп жазды.    

Қорғаныс өнеркәсібі дамыған технологияларға сүйеніп, іргелі ғылымға негізделгендіктен айтарлықтай дамыды. Сол себепті Иранға қарсы санкциялар күн сайын артып жатқан жағдайда қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми-технологиялық жетістіктері аса маңызды. Ол елдің басқа салаларын дамытуға серпін береді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ел армиясы Әуе күштерінің қолбасшылары және қызметкерлерімен кездесуінде Иранның барлық салада, әсіресе қорғаныс саласында мықты болуы қажеттігін, ал әлсіз болудың дұшпанға жігер беретінін айтып: «Біз ешбір мемлекет пен халыққа қатер төндіруді көздемейміз, бірақ ел қауіпсіздігін сақтап, қоқан-лоққының алдын алуды мақсат тұтамыз»,-деді.

Сондықтан Иранның әскери қуаты қоқан-лоққыларды назарға ала отырып дамыды. Күш-қуатты арттыру ел қауіпсіздігін сақтау үшін жасалып отыр.

Иран қазір әлемде ұшқышсыз ұшақ жасау бойынша ең үздік 5 елдің қатарына қосылды. Радарға ілінбейтін ұшқышсыз ұшақ жасауда үздік екінші елге айналды.

Аймақтық қауіпсіздік саласында Иран аймақ елдері, соның ішінде Ресей, Қытай және Пәкістанмен стратегиялық әріптестік жасап жатыр.

ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Шахрам Ирани сенбі күні таңертең Пәкістан армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Мұхаммад Амджад хан Ниязимен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «ИИР-ның ең маңызды стратегиясы – қорғаныс дипломатиясы аясында өзара қарым-қатынасты дамыту және нығайту»,-деді.

Тегтер