Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i54776
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні: "Өткен 24 сағатта 610 адам Covid-19-дан көз жұмды. Жалпы елде құрбандар саны 102648 адамға жетті",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 23, 2021 17:17 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні: "Өткен 24 сағатта 610 адам Covid-19-дан көз жұмды. Жалпы елде құрбандар саны 102648 адамға жетті",-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ: "Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бері тағы 38657 адамнан Covid-19 анықталды. Жалпы науқастар саны 4715771 адамға жетті",-деді. 

Осы күнге дейін Иранда 16 986882 адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасы салынды.  6150817 адамға екінші доза егілді. Жалпы елде салынған вакцина дозасының саны 23137699-ға жетті.