Қыр 02, 2021 22:57 Asia/Almaty
  • Иранға коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 449600 дозасы әкелінді

Иран Кеден басқармасы басшысының техникалық істер жөніндегі орынбасары елге коронавирусқа қарсы вакцинаның 1449600 дозасы әкелінгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мехрдад Джамал Арунақи: «Бейсенбі күні Иранға импорттық вакцинаның 42-ші партиясы әкелінді. Бұл партияда COVAX көмегі аясындағы Қытайдың AstraZeneca вакцинасының 1 449600 дозасы бар. Партия әуежайда бірден кедендік рәсімдеуден өткізіліп, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды»,-деді.

Мехрдад Джамал Арунақи: «Вакцинаның осы күнге дейінгі ең ірі партиясы алдағы 24 сағатта елге импортталады»,-деді.  

Тегтер