Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i54984
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Өткен тәулікте 595 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 108988 адамға жетті»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2021 23:05 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: «Өткен тәулікте 595 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 108988 адамға жетті»,-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштер негізінде өткен 24 сағатта тағы 30279 адамнан Covid-19 анықталды. Жалпы науқастар саны 5055512 адамға жетті»,-деді.

Иранда осы күнге дейін 19149847 адамға вакцинаның бірінші дозасы, 9293143  адамға екінші дозасы салынды. Жалпы елде салынған вакцина саны 28442990 дозаға жетті.