Макран жағалауы Иранның әлеммен саудасы қызған полюс бола алады
Қыр 03, 2021 17:00 Asia/Almaty
ИИР Президенті: «Макран жағалауы Иранның әлеммен сауда-экономикалық қарым-қатынасы қызған полюсі бола алады»,-деді.
Раиси Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар айлағында үлемдер мен таңдаулылардың алдында сөйлеген сөзінде Макран жағалауының Иран үшін әлем елдерінің көбіне жол бастар қақпа бола алатынын айтып: «Макран жағалауы өте маңызды орынға ие. Осы аймақты абадтандыру міндетін атқаратын орталық құрып, белсенді механизм ұйымдастыру керек»,-деді.
Раиси: «Бұл аймақтағы жұмыс белгілі бір кезеңде нәтиже беруі керек. Теңіздегі Құдай берген байлықты пайдалану, осы аймақта жұмыс орындарын ашу және өндірісті дамыту шаралары жоғары деңгейде атқарылуы керек»,-деді.
Тегтер