Иранда әлемдегі жалғыз төрт жұлдызды «күрке» қонақ үйі бар
https://itolqyn.com/news/iran-i55018-Иранда_әлемдегі_жалғыз_төрт_жұлдызды_күрке_қонақ_үйі_бар
Иранның оңтүстігінде, яғни Керман, Систан мен Белуджистан және Хормозган облыстарында «күрке» деп аталатын демалыс үйлері бар.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 04, 2021 15:07 Asia/Almaty
  • Иранда әлемдегі жалғыз төрт жұлдызды «күрке» қонақ үйі бар

Иранның оңтүстігінде, яғни Керман, Систан мен Белуджистан және Хормозган облыстарында «күрке» деп аталатын демалыс үйлері бар.

Күркелер пальма сияқты табиғи материалдардан салынады. Мұндай үйлер адам баласының ең көне құрылыстарының бірі саналады. Олар жазда тұрғындарға салқын кеңістік сыйлайды.

Керман облысының Қале-Гәндж ауданында дәстүрлі және заманауи сәулет өнерін астастырған алғашқы төрт жұлдызды «күрке» қонақ үйі салынды.