Карафту – Иранның ежелгі үңгірлерінің бірі
https://itolqyn.com/news/iran-i55022-Карафту_Иранның_ежелгі_үңгірлерінің_бірі
Карафту үңгірі – ежелгі Иранда қолдан жасалған үңгірлердің бірі. Ол Күрдістан облысының Дивандаре қаласының солтүстік-батысынан 67 км қашықтықта орналасқан.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 04, 2021 15:40 Asia/Almaty
  • Карафту – Иранның ежелгі үңгірлерінің бірі

Карафту үңгірі – ежелгі Иранда қолдан жасалған үңгірлердің бірі. Ол Күрдістан облысының Дивандаре қаласының солтүстік-батысынан 67 км қашықтықта орналасқан.

Карафту (Karaftu) үңгірі табиғи әктастан жасалған. Ол түрлі тарихи кезеңдерде адамдардың қолданыс аясына байланысты пішінін өзгертіп, таудың ішінде 4 қабатта ойылып жасалған.

Карафту үңгірінің үшінші қабатындағы бөлмелердің бірінің кіреберісінде грек тілінде жазба бар. Онда «Бұл – Гераклдың үйі. Оған кірген әрбір адам амандыққа болады» деп жазылған.