Қыр 05, 2021 15:17 Asia/Almaty
  • Ауғандық дарындар «Пардис» технологиялық паркіне қабылданады

Теһранның атырабында орналасқан «Пардис» технологиялық паркі мәлімдеме жасап, ауғандық дарындарды қабылдайтынын хабарлады.

Ирандағы ең ірі әрі маңызды технологиялық парктердің бірі саналатын «Пардис» технологиялық паркі жексенбі күні: «Ауғанстандағы соңғы өзгерістерге байланысты 2021 жылдың қыркүйек айының аяғына дейін ауғандық талантты жастарды осы паркке қабылдауға дайынбыз»,-деп мәлімдеді.

«Пардис» технологиялық паркінің мәлімдемесінде: «Қазіргі таңда парктегі  компанияларда ондаған шетелдік маман жұмыс істеп жатыр. 7 компанияның шетелдік акционерлері бар»,-делінген.

Тегтер