Қыр 16, 2021 17:15 Asia/Almaty
  • 5 млн вакцина дозасы Иранға әкелінді

Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаның 5 млн дозасының Иранға әкелінгенін хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Карим Хеммати Қызыл жарты ай қоғамы сатып алған вакцинаның үшінші партиясының елге әкелінгенін хабарлап: «Бүгін, бейсенбі күні Иранға әкелінген осы партияны есептегенде жалпы бұл қоғам 5 айдан бері әкелген вакцина дозасының көлемі 35 млн 390 мыңға жетті»,-деді.   

Қызыл жарты ай қоғамының басшысы бір аптадан кейін вакцинаның тағы бір 5 млн дозасын импорттауға үміттеніп отырғанын айтып: «Алдағы екі айда партия-партиямен тағы 70 млн доза әкелу жоспарда бар»,-деді.

Тегтер