Генерал-майор Салами: Қорғаныс өнеркәсібі - елдердің өнеркəсібі мен технологиясын алға сүйрейтін күш
https://itolqyn.com/news/iran-i55388-Генерал_майор_Салами_Қорғаныс_өнеркәсібі_елдердің_өнеркəсібі_мен_технологиясын_алға_сүйрейтін_күш
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы қорғаныс өнеркәсібін дамытуды елдердің, соның ішінде Иранның өнеркəсібі мен технологиясын алға сүйрейтін күш деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 20, 2021 17:22 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы қорғаныс өнеркәсібін дамытуды елдердің, соның ішінде Иранның өнеркəсібі мен технологиясын алға сүйрейтін күш деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами Ислам революциясы Сақшылар корпусының  өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында жасаған стратегиялық  залалсыздандыру құралдары көрмесінің ашылу рәсімінде: "Исламдық Иран түрлі кезеңдерде қиындықтардан, дұшпанның қатерлі де зарарлы жоспарларынан өтіп, кедергілерді артқа тастап, өз қажетін өтейтінін, дұшпанға бас иіп, иек артпайтынын дәлелдеді.

Генерал-майор Салами: "Барлық қиыншылықтар қоғам ішінде біздің сана-сезіміміз, наным-сенімдеріміз бен өз-өзімізге сенімнің арқасында шешіледі. Бұл біздің революциямыздағы бір мәдениет, сенім, ақиқат пен ағым негізінде орын алып жатыр. Қазіргі таңда жетістіктердің күн сайын жаңарып жатқанын көріп отырмыз. Тоқтамай ілгерілей береміз",-деді.