Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i55474
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 284 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 118792 адамға жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 24, 2021 20:06 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 284 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 118792 адамға жеткенін хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 15294 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2161-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5 508885 адамға жетті»,- деді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, осы күнге дейін 4897876 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.