Ислам революциясы жетекшісі: Түсіндіру шаралары жаудың үгіт-насихат шабуылдарын залалсыздандырады
(last modified Mon, 27 Sep 2021 13:34:04 GMT )
Қыр 27, 2021 19:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Түсіндіру шаралары жаудың үгіт-насихат шабуылдарын залалсыздандырады

Ислам революциясы жетекшісі жаулардың әртүрлі әдістер жəне құралдармен қоғамдық пікірге әсер ету мақсатындағы Иран халқына қарсы үгіт-насихат шабуылына тоқталып, түсіндіру шараларын оларды залалсыздандыратын әрекет деп атады.

Ислам революциясы жетекшісі бүгін, дүйсенбі күні имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне азат тұту Арбағин рәсімінде студенттер топтары жиналған Теһран университетімен  бейне түрде байланыс орнатып, өзінің қысқа сөзінде Ашурадан Арбаинге дейінгі күндерді Ислам тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп атап: «Егер Ашура күні қымбатты және асыл жандардың күрес пен құрбандық шыңы болса, одан кейінгі 40 күндік кезең ақиқатты түсіндіру мен ашу күрестің шыңы болды. Имам Саджадтың (ғ.с.), хазірет Зейнаб пен  Умме Кулсумның  түсіндірмелері мен Пайғамбар (ғ.с.) әулетінің ерекше шыдамдылығы жанкештілікті толықтырып, Кербала көтерілісін мәңгі қалуына себеп болды»,- деді.  Ислам революциясы жетекшісі жаулардың  әртүрлі әдістер мен құралдармен қоғамдық пікірге әсер ету мақсатты  Иран халқына қарсы үгіт-насихат шабуылына тоқталып, түсіндірмелі шараларды  оларды залалсыздандыратын әрекет деп тауып: «Халық жүрегінің жемісі және елдің шынайы үміті болып табылатын құрметті студенттер, шындықты түсіндіру мәселенің маңыздылығына назар аударып, шам сынды жарық беріп, түсініксіздікті жоюға талпыс жасаңдар»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи  киберкеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдарының ағарту мен түсініксіздіктерге жауап беру мүмкіндіктерін жоғары бағалап: «Жиһад мәселесінің негізі - моральдық әдістерді, логика, байсалдылық, адамгершілікті пайдаланып, сондай-ақ қорлау, жала жабу, өтірік пен қоғамдық пікірді алдаудан тартынып, ақиқатты түсіндіру және айту»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясы жетекшісі Хаменеи жастардың көп ойлау мен хабардарлығына ризалығын білдіріп және  осы ерекшеліктерді күшейту қажеттігіне назар аудартып: «Шәһидтер көшбасшысының (ғ.с.)  жолы - белгілі бір нәтижеге және табысқа жететін берекелі жол. Сіздер, жастар, Алла қаласа, осы жолдан және илаһи ілімнен шабыттанып, елді материалдық және рухани бақыт шыңына жеткізе аласыздар»,- деді.