Коронавирус: Ирандағы жағдай
(last modified Tue, 28 Sep 2021 15:17:56 GMT )
Қыр 28, 2021 21:17 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 239 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 119888 адамға жеткенін хабарлады.

 

IRNA-ның мәліметінше, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 11701 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1821-і ауруханаға жатқызылды»,- деп жариялады.  Жалпы індетке шалдыққандар саны 5559691 адамға жетті, олардың ішінде 4988109 науқас емделіп, ауруханадан шықты. Осы күнге дейін Иранда     52732711 доза вакцина егілді.