Иран Президенті халықты 22-ші баһман күнгі шеру мен сайлауға қатысуға шақырды
ИИР Президенті халықты 22-ші баһманда (11-ші ақпан) өтетін шеру мен 7-ші эсфандта өтетін (26-шы ақпан) сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Иран Телерадио бірлестігінің Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында Ислам революциясының үдерісіне тоқталып: «Имам Хомейни революцияны Аллаға тәуекел етіп, халықтың терең сенімдеріне сүйеніп басқарды. Имам елі мен әлемнің жағдайынан хабардар болып, Ислам революциясының жеңіске жететіндігіне сенімді болды»,- деді.
Рухани Иран халқының ядролық келіссөздердегі жеңісі мен ұлттық құқықтардың сақталуын, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары мен Иранға қарсы әділетсіз санкциялардың алынуын Иран халқының табандылығы мен жетістіктерінің нәтижесі деп бағалап: «Ислам революциясының жетекшісі әрқашан ұлттық бірлікті қуаттап, өзінің қырағылығы және кеңестерімен бұл табысқа жетуде маңызды рөл атқарды»,- деді.
Иран Президенті сонымен бірге халықты 22-ші баһман шеруіне жаппай қатысуға шақырып, Эксперттер мәжілісі мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауларының да халықтың қырағы әрі белсенді қатысуымен Ислам републикасы жүйесі үшін мақтан тұтарлық келесі оқиға болатындығына үміт білдірді.