Амир Хейдари: Иранның солтүстік-батыс аймағында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i55600
ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы: «Иранның солтүстік-батыс аймағында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу өтеді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 30, 2021 17:58 Asia/Almaty
  • Амир Хейдари: Иранның солтүстік-батыс аймағында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу өтеді

ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы: «Иранның солтүстік-батыс аймағында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу өтеді»,-деді.

Иран армиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бригада генералы Киумарс Хейдари: «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу Иран армиясы Құрлық күштерінің сауытты бөлімшелері, артиллерия, ұшқышсыз ұшақтар мен тікұшақтардың қатысуымен ертең, жұма күні елдің солтүстік-батысында басталады»,-деді.

ИИР армиясының Құрлық күштері қолбасшысының айтуынша, бұл жаттығу армия бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында өткізіледі.