Иранның солтүстік-батысында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i55612
ИИР армиясы Құрлық күштерінің «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығуы елдің солтүстік-батысында басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 01, 2021 15:56 Asia/Almaty
  • Иранның солтүстік-батысында «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығу басталды

ИИР армиясы Құрлық күштерінің «Хейбар жеңімпаздары» атты әскери жаттығуы елдің солтүстік-батысында басталды.

ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы Киумарс Хейдари: «Хейбар жеңімпаздары» жаттығуы су жаңа қару-жарақтар мен құрал-жабдықтарды сынау және Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында өтіп жатыр»,-деді.

ИИР армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы: «Сионистік режим жалдамалылары аймақ елдерінде ашық та жасырын әрекет етіп, ДАИШ лаңкестерінің айтарлықтай бөлігінің орналасу ықтималы аталмыш жаттығудың маңыздылығын арттыра түседі»,-деді.

ИИР армиясының Құрлық күштері қолбасшысының айтуынша, бүгінгі әскери жаттығуда нысананы дөп көздейтін ұзақ қашықтыққа арналған ұшқышсыз ұшақтар, тың тыңдау кешендер мен екі сауытты қарудың таныстырылу рәсімі болып, сынақтан өткізіледі.