«Пастер» вакцинасы Иранның коронавирусқа қарсы вакцинация себетіне қосылды
(last modified Tue, 05 Oct 2021 10:13:20 GMT )
Қаз 05, 2021 16:13 Asia/Almaty
  • «Пастер» вакцинасы Иранның коронавирусқа қарсы вакцинация себетіне қосылды

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы «Пастер» вакцинасы Иранның коронавирусқа қарсы вакцинация себетіне қосылғаны туралы хабарлады.

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының басшысы Шанесаз: «Бүгіннен, сейсенбіден «Пастер» вакцинасы Иранның коронавирусқа қарсы вакцинация себетіне қосылды. Осы уақытқа дейін бұл вакцинаның 6 миллион дозасы Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды.  Иранның «Пастер» институты мен Куба тарапы арасындағы келісімге сәйкес, өндірілетін вакциналар санының 10 миллион дозаға дейін артуына үміттіміз»,- деді.         Кубада «Субрана» және Иранда «Пастоквак» деп аталатын коронавирусқа қарсы вакцина Иранның «Пастер» институты мен Кубаның «Финлай» институтының бірлескен өндірісі болып табылады. Аталмыш вакцина екі елде клиникалық сынақ кезеңдерінен өтті.