Иран Сыртқы істер министрі: Келіссөздерге уақыт жоғалтпаймыз
(last modified Sat, 09 Oct 2021 14:51:18 GMT )
Қаз 09, 2021 20:51 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Келіссөздерге уақыт жоғалтпаймыз

Иран Вена келіссөздеріне Батыс өз ниетін көрсетіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындаған кезде қайта оралады.

 

ИИР-ның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні Бейрутқа жасаған сапарының соңындағы баспасөз отырысында: «Ядролық келіссөздерде Иран халқының мүдделері мен құқықтарының толық қамтамасыз етілуі өте маңызды»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі Вена келісөздеріне қайта оралу туралы: «Келіссөздерге уақыт жоғалтпаймыз. Біз үшін екінші жақтан, соның ішінде АҚШ-тан, американдықтардың өз міндеттемелеріне толық қайту ниеті бар екендігі туралы сигналдарды алу маңызды»,- деп мәлімдеді. Бурджам туралы келісімді 2018 жылы Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты, бірақ Ақ үйге Джо Байден келгеннен кейін АҚШ шенеуніктері аталмыш келісімге оралуға дайын екенін айтты. Бұл ниеттері тек сөз жүзінде болды және іс жүзінде маңызды ештеңе болған жоқ. Иран Сыртқы істер министрі дәл осы мәселеге тоқталды. Амир Абдуллахиан: «Біз американдықтардың іс-әрекетін негіз ретінде қабылдаймыз, егер американдықтар мен еуропалық үш мемлекеттің  өз міндеттемелеріне толық оралуға негізделген іс-әрекеті  болса, біз Вена келіссөздеріне сенімді бола аламыз»,- деді. Иранның келіссөз үстеліне қайта оралуы өткен кезеңнің қисыны мен тәжірибесіне негізделген. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы шындық - Иран өз міндеттемелерін орындады, бірақ Еуропаның үш елі мен АҚШ өз міндеттемелерін орындамады. Негзінде келісім бойынша, екі жақ өз міндеттемелерін орындағы тиесілі. Алайда қазіргі жағдайда батыс тараптары «Иран келіссөз үстеліне қайта оралмаса, мүмкіндік жоғалады» деген психологиялық соғыс жүргізуде. Негізінде АҚШ соңғы шешімін қабылдауы керек. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан бұрын бұл тақырып туралы: «Иран өз міндеттемелеріне АҚШ барлық  санкцияларды ауызша немесе қағаз жүзінде емес, іс жүзінде алып тастаған және Иран санкциялардың жойылуын   растаған кезде, қайтып оралады»,- деген.

Трамп Иранға қарсы біржақты және заңсыз 800-ден астам санкция енгізді және осы кезге дейін   Трамптың тұсындағы  саясат әлі де жалғасуда. Сондықтан Иран санкциялардың тиімді түрде алынуын қамтамасыз етудің жолын іздеуде. АҚШ-тың санкцияларды қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде алып тастауы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес қысқартқан міндеттемелерін орындауға оралуына әкеледі.