Имам Резаның кесенесі күмбезінің үстіне жасыл байрақ ілінді
https://itolqyn.com/news/iran-i55822
Екі айлық аза тұтудан кейін раби ул-аууал айының бірінші күнінің алғашқы сағаттарында хазірет имам Реза кесенесінің күмбезіндегі қара ту жасыл байрақпен алмастырылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 10, 2021 20:31 Asia/Almaty

Екі айлық аза тұтудан кейін раби ул-аууал айының бірінші күнінің алғашқы сағаттарында хазірет имам Реза кесенесінің күмбезіндегі қара ту жасыл байрақпен алмастырылды.

Шиіттердің сегізінші имамы кесенесіндегі қызметшілердің қатысуымен өтетін рәсімде мұхаррам айының басында Аһл-е бейтті аза тұту нышаны ретінде күмбез басына ілінген қара ту 63 күннен кейін разавилік жасыл байраққа ауыстырылды.