Генерал-майор Бақери Ауғанстанның Құндызындағы Сейітабад мешітіндегі лаңкестік жарылысты айыптады
(last modified Mon, 11 Oct 2021 09:30:19 GMT )
Қаз 11, 2021 15:30 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери Ауғанстанның Құндызындағы Сейітабад мешітіндегі лаңкестік жарылысты айыптады

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы Құндыздағы Сейітабад мешітінде болған лаңкестік әрекетті айыптап, бұл қылмысты жоспарлаушылар мен іске асырушыларды жазалауды талап етті.

 

Генерал-майор Бақери Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Құндызындағы Сейітабад мешітіндегі террористік және адамгершілікке жат жарылысты айыптап: «Бұл лаңкестік оқиға әлемдік үстемдік пен сионизмнің ойлау орталықтарында және үстемшіл державалардың тыңшылық ұйымдарында шығарылған тәкфирлік терроризмнің ислам үмбетін нысанаға алуды жалғастырып жатқанын көрсетті. Дүниежүзіндегі еркін және шындықты талап ететіндермен бірлесе отырып, Ауғанстанның басшылары күш-жігерімен айуандық қылмыстың жоспарлаушылары мен іске асырушыларын тез арада жазалайтынына үміттіміз»,- деді.

Бір лаңкес жұма күні түсте Құндыз облысының Ханабад ауданындағы шиіттер мешітінде намаз оқитындар арасында бомба жарып жіберді. Жарылыстың салдарынан 200 жуық адам шәһид болды және 150-ден астам адам жарақат алды.