Иранға коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасы енгізілді
https://itolqyn.com/news/iran-i55862-Иранға_коронавирусқа_қарсы_вакцинаның_6_миллион_дозасы_енгізілді
Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы елге коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасының келгенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 12, 2021 18:27 Asia/Almaty
  • Иранға коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасы енгізілді

Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы елге коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасының келгенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Карим Хеммати: «Қызыл жарты ай қоғамы дайындаған коронавирусқа қарсы вакцинаның 6 миллион дозасы бар 25-ші партиясы, бүгін сейсенбі күні «Имам Хомейни» әуежайында Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды. 7 айдан бері бұл ұйым елге 64 миллион 390 мың доза вакцина импорттады. Бейсенбіде келетін тағы бір жөнелтілімді ескерсек, бұл мөлшер 70 миллион 390 мың дозаға жетеді»,- деді.