Иран Әзірбайжан Президентінің айыптарына жауап берді
(last modified Sat, 16 Oct 2021 14:09:53 GMT )
Қаз 16, 2021 20:09 Asia/Almaty
  • Иран Әзірбайжан Президентінің айыптарына жауап берді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі ТМД-ға мүше елдер басшыларының саммитінде Әзірбайжан Президентінің ИИР-на қарсы таңқаларлық жаңа айыптарын қатаң түрде теріске шығарып, оларды жалған деп атады.

 

Саид Хатибзаде Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Иранға қарсы айыптаулары туралы: «Мұндай айыптаулар  Иран мен Әзірбайжан халықтарының бауырластық қарым-қатынасына әсер етуді көздейтін  сионистік режимнің мүддесіне ғана сәйкес келеді»,- деді. Хатибзаде ИИР-ның есірткі контрабандасына қарсы күрестегі жетекші рөлін қуаттап: «Соңғы 40 жылдағы осы қауіпті құбылысқа қарсы күресте мыңдаған азаматының шәһид болуы және жарақат алуы ИИР-ның бұл күрестегі адал және үздіксіз күш-жігерінің бір парағы болып табылады. Бұл тақырып тиісті халықаралық институттармен бірнеше рет расталды»,- деп мәлімдеді.