Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Баку шенеуніктеріне ескерту жасады
(last modified Sat, 16 Oct 2021 17:04:24 GMT )
Қаз 16, 2021 23:04 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Баку шенеуніктеріне ескерту жасады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Twitter-де Әзербайжан Президентінің ойдан шығарған және шындыққа жанаспайтын мәлімдемелеріне жауап ретінде: «Шайтандардың қаржысы мол әрекеттеріне сақ болыңдар»,- деп жазды.

ТМД мүше  елдер басшыларының виртуалды саммитінде  Ильхам Әлиев шындыққа жанаспайтын сөздерінде: «Армения Иранмен келісе отырып, соңғы Таулы Қарабақ соғысында азат етілген Әзірбайжанның  басып алынған аумақтарын 30 жыл бойы Еуропаға есірткіні заңсыз тасымалдауға пайдаланды»,- деді. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы өз твитінде: «халықаралық қауымдастық есірткіге қарсы күресте қаһарман деп таныған елге тағылған айыптың сөз сөйлеуші адамның сөзіне сенімсіздік тудыруынан басқа ешбір әсері жоқ»,- деді.  Соңғы 40 жылдағы осы қауіпті құбылысқа қарсы күресте мыңдаған азаматының шәһид болуы және жарақат алуы ИИР-ның бұл күрестегі адал және үздіксіз күш-жігерінің бір парағы болып табылады.  Әзірбайжан Президентінің Иранға қарсы мәлімдемелеріне шолу жасап, екі мәселеге назар аударуға болады.  Біріншіден, Әзірбайжан Президенті кейбір дұшпандық топтардың мен ағымдарының әсерінен осындай негізсіз және арандатушылық мәлімдемелер жасады. Екіншіден,   бұл айыптаулар сылтауы мен тақырыбына қарамастан, біржақты саяси мақсаттармен араласқан жоспарлы үдеріс болуы мүмкін. Оның белгілері аймақтағы Израиль әрекеттерінің күшеюінен Иран шекарасы маңындағы арандатушылық пен әрекеттерден әшкереленді. Расында,   сионистер ИИР мен Әзербайжанның арасындағы қарым -қатынасты бұзуға талпынуда. Саяси мәселелер бойынша сарапшы  Сейед Мұстафа Хощчешм  Баку басшыларының Иранға қарсы дұшпандық ұстанымы туралы: «Бакудің Иранға қарсы айыптары - сионистік режим мен АҚШ-тың ИИР-на соққы беру жобаларымен байланысты»,- деді. Алайда мұндай әрекеттердің мақсаттары Ираннан жасырын емес. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Әли Шамхани айтқандай,  көршіліктің негіздері мен талаптарын елемеу және жалған   мәлімдемелер жасау - адалдық пен парасаттылықтың белгісі емес.