Иранның ШЫҰ мүше елдер арасындағы саудасы 16 миллиард долларды құрайды
Иран Кеденінің өкілі елінің ШЫҰ мүше елдер арасындағы сауда-саттығының 16 миллиард доллар құрайтынын жариялады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Рухолла Лютфи: «Осы жылдың (шамси күнтізбесі бойынша1400 ж.) бірінші жартысында Иран мен Шанхай келісіміне қатысушылар арасында 16 миллиард 56 миллион 697 мың 709 долларды құрайтын 26 миллион 387 мың тоннадан астам тауар айырбасталды. Оның 9,5 млрд доллары экспорттың үлесі, 6,5 млрд доллары импорт үлесі болды. Қытай 6 миллиард 568 миллион долларға 14 миллион 833 мың тоннадан астам тауар сатып алып, салмақ тұрғысынан 13 пайыздық пен қаржы саласында 77 пайыздық өсіммен Иранның экспорттық бағыттарының көшін бастады»,- деді.