Иранның болат өнімдері экспорты 50 пайызға өсті
Қаз 23, 2021 15:04 Asia/Almaty
Биылғы жылдың (шамси күнтізбесінің 1400 ж.) бірінші жартысында Иранның болат өнімдерінің салмағы бойынша экспорты 50% өсті.
Иранның Кен және тау-кен өнеркәсібін дамыту мен жаңарту ұйымының мәліметі бойынша, Иранның болат өндіретін ірі компаниялары биылғы жылдың алғашқы алты айында 3,8 миллион тонна болат экспорттады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 50% жоғары болды. Осы кезеңде «Мобареке болат» компаниясының экспортты 118 пайызға және «Хузестан болат» компаниясының экспортты 34 пайызға артты.
Тегтер