Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарын кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті
(last modified Sun, 24 Oct 2021 14:59:57 GMT )
Қаз 24, 2021 20:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарын кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті

Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) мен шиіттердің алтыншы имамы хазірет Джафар Садықтың (ғ.) туған күніне орай Ислам революциясының жетекшісі қоғамдық, революциялық жəне Қарулы күштердің сот ұйымдарында сотталған 3458 адамды кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге келісті.

Иран Жоғары сотының төрағасы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи Ислам пайғамбары(с.ғ.с.) мен имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күніне орай сенбі күні Ислам революциясының жетекшісіне хат жолдап, Орталық кешірім комиссиясында шартқа сай деп танылған 3458 адамды кешіруге немесе жазасын жеңілдетуге ұсыныс жасады.

Бұл ұсыныс Иран конституциясының 110 бабының 11-тармағына сəйкес Ислам революциясы жетекшісінің қолдауына ие болды.

Тегтер